Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ел жүрегі - Астана» деген атаумен патриоттық әндер кеші өтті

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2016
  • 6060

Елордада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана» атты ән кеші өтті. Концертте туған ел, Отанды сүю тақырыбында жазылған әндер көпшілікке ұсынылды. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы мен қалалық әкімдіктің қолдауымен өткен ән кеші патриоттық нотада басталды.

Еділ Мамытбеков, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Негізгі мақсат - бұл патриоттық сезімді халық арасында тарату. Бұл қайырымдылық кешін өткізу. Ол біздің Қазақстан отанымызды сүю үшін, елімізді сыйлау үшін, болашақта мәңгілік ел болу үшін арналып отыр.

Астанадағы бастауыш партия ұйымдарының атсалысуымен 1 миллион 200 мың теңгедей қаржы жиналған. Бұл ақша ауыр сырқатқа шалдыққан балалардың еміне, сондай ақ аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету үшін жұмсалмақ. Қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылған концерт халыққа тамаша көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік кеш қарсаңында марапаттау рәсімі де өткізілді. Тәуелсіздік жылдары елдің дамуына үлес қосқан әр саланың мамандары алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. «Нұр Отан» партиясы атынан шақырту алып, концертті тамашалаған, әрі баласының ем-домына қолдау көрсетілетінін естіп қуанған ата-аналар да ризашылық білдірді.

Кристина Бельская, ата-ана:

Бізді тауып хабарласқанына таң қалдым. Мұндай көмек алғаш рет жасалып отыр. Игі істері үшін алғысымды білдіремін.

Гүлжахан Үсенова, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Даму» бастауыш партия ұйымының хатшысы:

Астана қалалық филиалының «Даму» бастауыш партия ұйымы және өзге де бастауыш партия ұйымдары үлестерін қосып, қолдарын созып, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесіп, өз үлестерін қосып жатыр.   

Айбек ҚОСАН