Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлы дала жорығында маңғыстаулық шабандоз рекорд жасады

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2023
  • 889

«Рекорд» командасының мүшесі, 21 жастағы Мағжан Абдолұлы 1300 шақырымның соңғы 50 шақырымын бағындыруға таңғы сағат 7:10-да аттанып, Түркістандағы мәре сызығын 08 сағат 44 минут 9 секундта бірінші болып кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды бастан-аяқ бір атпен еңсеруді мақсат еткен «Рекорд» командасы Астана қаласы, Маңғыстау мен Жетісу облыстарының шабандоздарынан құралған. Қазақ жылқысының ерлігін Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлдеқоры беріледі. 1-орынға — 2,5 млн теңге, 2-орынға — 2 млн теңге, 3-орынға — 1,5 млн теңге» делінген Маңғыстау облыстық спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінде.

Еске салайық, Маңғыстаудың «Көкмойнақ» командасы 12-кезеңге келгенде жорықты тоқтатқан болатын.

Дегенмен маңғыстаулық сәйгүлік «Шағырайторы» қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізу жолында сынға түскен.

Бүгін шешуші кезеңде «Шағырайторы» топ бастап бірінші келіп, рекорд орнатты.

Сондай-ақ, «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары Жетісу облысының командасы атанса, екінші орынды Ақтөбе және үшінші орынды Алматы қаласы иеленді.