Шымкент қалалық қылмыстық сотында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаевтың ісі қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі экс-шенеунік кәсіпкерден пара алды деп айыпталуда.
Тергеу нұсқасы бойынша, Қоқанбаев тасымалдарды субсидиялағаны үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге алған.
Қадағалау органының мәліметінше, Қоқанбаев Т-BUS компаниясының басшылығынан қомақты соманы талап еткен. Айтуынша, ол өзіне жаңа көлік сатып алғысы келген. Жеке компанияның өкілдері Қоқанбаевпен келісімге келіп, ақшаны үйіне қалдырып кеткен. Осыдан кейін кәсіпкер бәрін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке мәлімдепті.
"Көлік басқармасының басшысы бола отырып, 13 маусымда Алматыда қызметтік демалыс кезінде Қоқанбаев өз лауазымын пайдакүнемдік мақсатта пайдаланған. Сағат үш шамасында, Қоқанбаев Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысында Т-BUS компаниясының өкілі Әміреевпен кездеседі”, – деді Шымкент қаласы прокуратура басқармасының аға прокуроры Тоқтарбек Төлбасиев.
Мәлімдеуінше, Қоқанбаев Әміреевтің оған тәуелді екенін түсініп, ай сайын 13 млн теңгеге тасымалдаушыға кедергісіз субсидия беруге уәде берді. Осы сомаға айыпталушы өзіне Тoyota Сamry сатып алғысы келген.
“Әміреев әріптесі Қамбаровқа Қоқанбаевтың пәтерінің жанында 13 млн теңге салынған қара пакетті қалдыруды өтінді. Содан соң Қоқанбаев үйіне оралып, ақшаны алды. Тінту кезінде ақша Қоқанбаевтың үйінен табылды", – деді прокурор.
Мұхтар Қоқанбаев айыптаулармен келіспейді, ол өз кінәсін толығымен жоққа шығарды. Экс-шенеунік сотқа үйден келеді, бірақ шетке шығуға болмайды деген қағаз берілген. Шымкенттегі сот процесі жалғасуда.