Астанада құрылыс қарқыны бәсеңдейді,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деді. Оған негізгі себеп жаңа үйлерге деген инфроқұрылымның жетіспеушілігі. Алдымен су, жылу, жарық, жолды тапшылық болмайтындай жеткілікті деңгейге көтеріп алуымыз керек. Осы себепті көп қабатты ғимарат тұрғызуды толық тоқтатпасақ та шектеу қоюға мәжбүрміз. Содан кейін құрылысты қайта жандандырамыз, - деді министр.
"Құрылыс тоқтамайды. Құрылыс жалғасады. Халықтың сұранысы пәтерлерге, үйлерге өте үлкен. Сонымен құрылысты біз тоқтатпаймыз, оны жалғастырамыз",- дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Шарлапаев.