Русский Сайттың толық нұсқасы

Әуекомпания жолаушыларды отырғызу алдында салмағын өлшей бастады

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2023
  • 681
Коллаж: express.co

Таиландтық Bangkok Airways әуекомпаниясы ұшаққа отырғызу алдында жолаушылардың қол жүгімен бірге салмағын өлшей бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Bangkok Airways қыркүйектің 15-нен қазанның 31-не дейін өз клиенттерінің орташа салмағы туралы мәліметтерді жинайды. Мұндай мәліметтер ұшақтың әуеге көтерілетін кезінде максималды массадан аспайтынын дәлелдеу үшін қажет екен.

Оңтүстіккореялық әуекомпания жолаушылардың салмағын өлшей бастады

Әуекомпания өкілдері зерттеудің қауіпсіздік үшін жасалынып жатқанын айтқан.

"Біз мәліметтердің құпия түрде сақталалатынын және тек жолаушылар мен оның жүгінің салмағын білу мақсатында пайдаланылады", - делінген хабарламада.