Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев Моңғолия президентіне екі елдің Іскерлік кеңесін құру керек екенін айтты

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2023
  • 394

Мемлекет басшысы Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тығыз әрі дәстүрлі достық қарым-қатынасты атап өтті. Президент екіжақты байланыстарды стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін кеңейту мүмкіндігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық ықпалдастыққа тың серпін беру үшін Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандырып, Қазақстан мен Моңғолияның Іскерлік кеңесін құру қажет екенін айтты.

Кездесу соңында президенттер жақын арада бір-бірінің еліне сапармен бару мүмкіндігін талқылады.