Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мектепте қорлық көрген". Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезінен секіріп, мерт болды

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2023
  • 1391

Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезінен секіріп, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

20 қыркүйекте Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды.

Алдын ала ақпарат бойынша, ол үйдің терезесінен құлап кеткен. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген.

"Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде соталды тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", - деді Астана ПД қызметкерлері. 

 Желі қолданушылардың бірі жасөспірімнің мектепте қорлық көрген соң өз-өзіне қол салғанын жазған.