Русский Сайттың толық нұсқасы

"Шалмен жұдырықтаспаймын": Шавкат Рахмонов өзін жекпе-жекке шақырған Тони Фергюсонге жауап берді

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2023
  • 703

UFC-де жұдырықтасатын қазақстандық ережесіз жекпе-жек жұлдызы Шавкат Рахмонов желіде өзін жекпе-жекке шақырған америкалық файтер Тони Фергюсонге жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шавкат Рахмонов Instagram желісінде тікелей эфир жүргізіп, Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізуге қатысты өз ойын айтты. Америкалық файтер соңғы алты жекпе-жегінде де жеңіліс тапқан.

"Фергюсон келісіп, осы жекпе-жекті қатты қалаған күннің өзінде мен бір аптада барып онымен жұдырықтасып үлгермеймін. Ондай шалмен жекпе-жекке шығуға ниетім жоқ. Керісінше, мен мықты жастармен шыққым келеді. Гастелум мықты ғой. Неге бас тартқанын білмеймін. Жекпе-жекке шықпаймын деп көңіл-күйімді түсіріп тастады. Құдай қаласа, алда жекпе-жекке шығармыз. Бірақ кіммен жұдырықтасатыныңды білмей дайындалған қиын", - деді спортшы.