"100 жылға жететін шикізатты мың жылға жеткізу керек". Әлемдік сарапшылар осылай деді. Америкалық The OXUS SOCIETY ұйымы өткізген дөңгелек үстелде жиналғандар қазба байлықты тиімді пайдалану, жасыл экономиканы дамыту бағытында ойларын ортаға салды. Сарапшы Мадина Жүнісова өндіріс орындарына жақын тұратын тұрғындардың экологияға, денсаулықтарына зақым келіп жатқанын айтты. Мемлекет басшысы бұл мәселені Жолдауда айтып, үкіметке батыл шаралар қабылдауды тапсырды. Сарапшылар түйіткүлдің түйінін зерттеулер жүргізу арқылы шеше аламыз дейді.
Мадина ЖҮНІСОВА, САРАПШЫ:
Шикізат бар. 100 жылға жетеді. Бірақ оны мың жылға жеткізейік. Оны жеткізу үшін өндіріс көлемін азайтып, кіші көлемнен көбірек энергия, көбірек табыс табуға болады. Мысалы осы көмірден энергия алып, экологияға әсерімізді азайтсақ. Осындай мақсат қойсақ олар оны шеше бастайды.