Русский Сайттың толық нұсқасы

Қайрат Нұртастың ата-анасы неліктен екі қалада тұрады

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2023
  • 15133

Танымал қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова 21 қыркүйекте Instagram-да оқырманын қызықтырған сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әнші Қайрат Нұртастың анасы әлеуметтік желіде бейнеролик жариялап, оны күйеуі Нұртас Айдарбековке арнады.

Пікір қалдырған оқырмандардың көпшілігі жұлдызды жұпқа бақыт тілеген. Солардың арасында біреуі продюсерге ерекше сұрақ қойыпты.

Екеуіңіз неге екі жақта тұрасыздар? Сіз – Алматыда, жолдасыңыз – Астанада? – деп жазған оқырман.

Бұл сауалға Айдарбекова былай деп жауап берген:

Бірге тұрамыз, тек жұмысымыз екі қалада, сол себепті апта сайын ұшамыз, 10 шақты күн бірге, бір апта не 3-4 күн жұмыстарымызбен екі қалада боламыз, амал жоқ, жұмыс солай.