Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2023
  • 1374

Елордадағы «Тарлан» мұз айдынында 6-11 қазан аралығында Astana 2023 World Championship B-Pool іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Айтулы бәсекеге Қазақстан, Словакия, Швеция, Жапония, Финляндия және Ұлыбритания командалары қатысады деп жоспарланған.

Айта кетейік, следж-хоккейден ұлттық құрама өткен жылғы С пулындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, В тобына жолдама алған еді.

«Біз «B-Pоol» жарысына алғаш рет қатысамыз. Астана қаласының құрама командасынан құралған хоккейшілер мұндай мүмкіндікке өткен маусымда Тайландта өткен «С-Pool» әлем чемпионатында екінші орын алған соң ие болдық. Жалпы Қазақстанда пара хоккейді дамыту бағдарламасын бес жыл бұрын ғана бастаған болатынбыз. Содан бері жергілікті демеушілер мен ұйымдардың назарын аударып, ұлттық құраманың қалыптасуына көмектесті. «B-Pоol» пара хоккейден әлем чемпионаты тоғызыншы рет өтіп, Азияда үшінші рет өткізіледі», - деді команда мүшесі Қайрат Сабыров.