Русский Сайттың толық нұсқасы

Орамал тағып, қайын атасына сәлем салған Айдарбековтер әулетінің екінші келіні жұртты тәнті етті

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2023
  • 2448

Хитмен Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков желідегі парақшасына отбасылық видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнежазбада Нұртас Айдарбеков домбырамен ән шырқап отырғанын көруге болады. Әулеттің ортаншы келіні Әйгерім сырттан үйге кіре сала, басына орамалын тағып, қайын атасына иіле сәлем салды. Аян Нұртастың үлгілі келіншегі қашан да ел аузында. Бұл жолы да ол әдебімен, ибалылығымен көпшіліктің көзіне түсіп, жұртты сүйсінтті.

“Ее, осылай өмір өте береді екен ғой. Алла жастарға өмір берсін. Алла маған тілеген жақсылықтарыңызды, еселеп қайырсын, ағайын”, – деп жазба қалдырды Нұртас Айдарбеков.

Желі қолданушылары жұлдызды әулеттің келінін жер-көкке сыйғызбай мақтады.

“Келіні басына орамалын тағып, атасына сәлемін салып кірді”, “Керемет, қандай инабатты келін”, “Ақылына көркі сай келініңіз”, “Міне, тәрбие көрген нағыз қазақтың келіні”, “Әйгерім жайдарлы, ибалы келін. Ақылынан айналайын”, – деп мақтап жазды желідегілер.