Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектепке есек мініп барған ер адам жұртты сүйсінтті

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2023
  • 614

Алматы облысының тұрғыны жұбайының туған күнінде тосын сый жасады. 2023 жылғы 22 қыркүйекте Instagram парақшасында құттықтау сәтінің бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Бейнежазбадан қолына гүлі мен тортын ұстап, мектепке есекпен кіріп келе жатқан ер адамды көруге болады.

"Бүгін Қарлығаштың туған күні. Күйеуі есекпен келіп тұр", – дейді видео авторы.

Игі іске әріптестері де риза болды.

Қазнет қолданушылары да ер адамның бұл әрекетіне оң баға беріп, қолдау білдіріпті:

Күшті!

Жарайсың!

Гүл әдемі екен, жарайсыз!

Гүл есектен қымбат болды.

Керемет!

Ең бақытты әйел! Бақыттан жүзі бал-бұл жайнап тұр, жарайсыз!