Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2023
  • 1312

Түркістан облысы Келес ауданында мектеп оқушылары арасында топтық төбелес болды. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілердің бірінде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған оқиғаға қатысты Түркістан облысының білім басқармасы пікір білдірді.

"Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 11 сынып оқушылары арасында келіспеушілік болғаны жайлы айтып, арызданды. Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД мен аудандық полиция бөлімінің басшылығымен бірге мектеп әкімшілігі де шықты. Оқушыға алғашқы көмекті жергілікті мектеп мұғалімі көрсетті.
Анықталғандай, Келес ауданындағы мектептің жоғары сыныптағы 2 оқушының арасында өзара кикілжің туындаған. Нәтижесінде жәбірленуші 11 сынып оқушысы емханаға түсті. Бүгінгі таңда ем қабылдауда. Оқиға бойынша сот-сараптамалары тағайындалды.
Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде тәрбие бағытындағы жұмыстарды күшейту мақсатында ата-аналармен бірлескен жұмыстар күшейтіліп жатыр. Балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жоспарлы ісшаралар түзіліп, психологиялық қолдау көрсетілуде. Оқиған болған күні білім бөлімінің тәрбие саласының әдіскерлері жергілікті полициямен бірге жұмыс жүргізді.
Оқиғаға қатысты сараптама тағайындалды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" 2-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.", - делінген хабарламада.