Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында 400-ге жуық адам қызылша ауруын жұқтырған

Ақтөбе облысында қызылша дерті өршіп тұр. Өңірде 380 адам сырқаттанып, дәрігер көмегіне жүгінген. Жұқпалы дертті жұқтырғандардың басым бөлігі -он төрт жасқа дейінгі балалар. Ауру алдымен Түркия елінен демалыстан келген жолаушыдан анықталған. Күннен күнге көбейіп барады. Мамандардың айтуынша, науқастардың 85 пайызы –вакцина алмағандар.

Мұхтар СЕРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мектеп оқушылары арасында бірінші қыркүйектен бастап 17 жағдай тіркеліп отыр. Ақтөбе қаласында 11 жағдай, Ырғыз ауданы-4, Мәртөк, Мұғалжар ауданы- 1жағдай. Оқушылардың 14 жағдайында екпе алмаған балалар арасында тіркелді. Каратинге жабылған мектептер Ақтөбе облысында жоқ.