Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана қаласының әкімі «AMANAT» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында тұрғындармен кездесті

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «AMANAT» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында тұрғындармен кездесті. Ерлі-зайыпты Дәулет пен Әсемгүл қайырымдылықпен айналысады. Олар тоқыма қалдықтарын қайта өңдеу жұмысын қолға алған. Зауыт ашуды көздеген жас отбасы елорда әкімінен құрылысқа қолдау көрсетуді сұрады.

Дәулет КЕРЕЙБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жақында біз Ресейдегі әріптестермен тоқыма бұйымдарын қайта өңдеу бойынша келісімге отырдық. Мысалы, Ресейде иттерге арналған төсеніштер, қалам мен ілгіш, дәптерлердің бәрі қайта өңделген тоқыма материалдарынан жасалған. Бұл қоршаған ортаны ластаудан сақтайды.

Тұрғындардың ұсынысын әкім қолдады. Барынша көмек көрсететінін айтты. Енді жас отбасы кәсіпкерлерге берілетін грант арқылы армандарын орындай алады. Бұдан бөлек, қабылдауда денсаулық сақтау, экология және тұрғын үй алу мәселелері көтерілді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚАЛА ӘКІМІ:

Құжаттарды дайындайық. Кәсіпкерлерге берілетін грантқа өтініш тастаңыздар. Сол арқылы 5 миллион алсаңыздар болады. Жетпеген қаражаттың орнын толтыруға көмектесеміз.