Атырауда облыстық балалар ауруханасында оқыс оқиға болды. Аналар мен балалар мінген лифт істен шығып, тұрып қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Әлеуметтік желіде тараған видеода балаларды құтқарып жатқаны анық көрінеді. Лифт жүктемесі 8 адам бола тұра, күндізгі стационардың науқастары мен ата-аналар, барлығы 10-нан астам адам мінген. Салдарынан лифт істен шықты,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Лифт тек ауыр жағдайдағы науқастарға арналған көрінеді.