Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы Шымбұлақта қар жауды

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2023
  • 980

Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында қар жауды. Демалыс орны өкілдерінің айтуынша, курорт аймағында бір айда осымен екінші рет қар жауып тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымбұлақта жауған қардың видеосы курорттың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Видеодан электронды таблода ауа температурасы +1 градус деп жазылып тұрғанын көруге болады.

"Бүгін Шымбұлаққа келгенде терезеден осындай көріністің куәсі болдық! Аппақ үлпектер, тура қыс мезгіліндегідей, өте әдемі. Бұл осы айда жауған екінші қар" , – делінген видео сипаттамасында.

"Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты – Іле Алатауының табиғаты көркем шатқалында, теңіз деңгейінен 2260 метр биіктікте орналасқан.