Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық актер және күрескер Еркебұлан Тоқтар Алматыда өткен OCTAGON 50 турнирінде жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның қарсыласы 22-21 рекордымен белгілі Ресейлік Константин Чередниченко. Жекпе-жек бірінші раундтың 25-ші секундтында қазақстандықтың пайдасына нокаутпен аяқталды. Бейнежазбада көрсетілгендей, қарсылас асқазанға соққы тигеннен кейін ауырсынуын баса алмай жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.