Русский Сайттың толық нұсқасы

Азия ойындарының үшінші күнінде спортшыларымыз қандай жетістікке жетті

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2023
  • 1298

Қытайда өтіп жатқан жазғы Азиада ойындарының үшінші күнінде Қазақстан спорттың 18 түрінен өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, отандастарымыздың қоржыны үш қола медальмен толықты.

Дзюдо:

Дзюдодан 81 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар мен 63 келіде сынға түскен Эсмигүл Куюлова Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанды.

Спорттық ату:

Оқ атудан 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен сайыс финалында Никита Чирюкин қола медаль жеңіп алды.

Бокс:

Сәкен Бибосынов пен Наталья Богданова Азия ойындарын сенімді жеңіспен бастады.

Су добы:

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші ойында Сингапур командасын 12:6 есебімен ұтты.

Шахмат:

Шахматтан 3-ші және 4-ші раунд ойындары өтті.

Жекелей сында Бибісара Асаубаева

мен Жансая Әбдімәлік 2 жеңіске жетті.

Ал ерлер бәсекесінде Ринат Жұмабаев бір матчта жеңіске жетті, ал Қазбек Нөгербек бір рет тең ойнады.

Теннис:

Үлкен теннистен Гозаль Айнитдинова/Жібек Құламбаева жұбы алғашқы раундта қатарлық Сафия Эл-Зани/Шайха Халифаны 6:0, 6:0 есебімен ұтты.

Дәл осындай есеппен Денис Евсеев те жекелей сында екінші айналымда Шығыс Тимор спортшысын жеңді.

Аралас сында Жібек Құламбаева мен Григорий Ломакин Оңтүстік Кореядан келген қарсыластарын 7:6, 7:5 есебімен жеңіп, жарыстың үшінші кезеңіне өтті.

Жағажай волейболы:

Ерлер арасындағы жағажай волейболынан Қазақстан командасы жартылай финалға өтті.

Гандбол:

Қазақстандық гандболшылар 31:27 есебімен Өзбекстан командасын жеңді.

У-шу:

Аширов Абдусамат пәкістандық М.Рехманды айқын басымдылықпен жеңіп, келесі кезеңге шықты.