Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте бір қап ұнның бағасы 17 мың теңгеге жетті

Шымкентте ұн қымбат. Бір қап ұн бұрын 12 мың теңге болса, бірден 17 мың теңгеге көтерілген. Сатушылардың өзі бұған таң қалып отыр. Жергілікті билік өкілдері өңірде ұн қоры жеткілікті екенін айтады. Сонда бағаның көтерілуіне не себеп? Бұл нан құнына әсер ете ме? Аймақтардағы тілшілеріміз сұраққа жауап іздеді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Шымкентте жоғары сұрыпты 50 келілік бір қап ұн – 17 мың теңгеден сатылып жатыр. Бақандай 5 мың теңге қосылған. Бағадағы бұл өзгеріс әсіресе көпбалалы, үлкен отбасыларға ауыр соғып тұр.

Ал 1-сұрыпты ұнның біп қабы 12-13 мың теңге. Айдың басында 7-8 мың теңгеден алып едік дейді жұрт.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Пенсионерлерге қиындау...Нан жабамыз. Үйде бала-шаға, немерелер бар, соларға. Магазиннен сатып алу мүмкін емес нанды, қымбат бәрі. Күнделікті нан жабамыз, 1 қабың 1 айға жетеді.
- Ұнмен ғана тамақтанамыз негізінде. Нан жабамыз, қамыр пісіреміз, манты істейміз дегендей, бәрі ұн ғой. Көпбалалы отбасы бар. Ұн действительно екі есе қымбаттады. Жоғарылап кетіп бара жатыр. Бағаны қадағалайтын адамдар болмай жатыр ғой, әкімшіліктен. Нан да қымбаттайды ұн қымбаттағасын.

Ал сатушылардың айтуынша, келіп жатқан өнім соңғы уақытта тым қымбатқа түсуде. Сөздеріне сүйенсек, баға бір күнде екі түрлі лағамен келетін күндер де болады дейді.

Гүлбайра БАЙМҰРАТОВА, САТУШЫ:

Енді 10 килоға 1 мың теңге қосылды деген үлкен өзгеріс қой былай қарап тұрсаңыз.+Алдында 2900 дан болған. Кейбір ұндар 3 мыңнан болған. Өзі әр ұндар әртүрлі бағада кеп жатыр. Қазір енді 4 мыңға дейін барды. +Біздің қоятынымыз 10-15 процент қой.

Сатушылардың сөзінше, жапатармағай ұн алып жатқандар жоқ. Сұраныс тым аз екенін айтады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Жергілікті билік өкілдері баға бақылауда дейді. Қалада ұн жеткілікті. Наубайханаларға жеңілдікпен берілетін 3 мың тоннаға жуық 1 сұрыпты ұн бар. Ұн қымбаттағанмен, нан бағасында әзірге өзгеріс жоқ. Ал алда қалай боларын ешкім айта алмайды. Өйткені, биыл солтүстік өңір шаруаларына оңай болмай тұр. Егіннің көбі күйіп кетті. Оруда да қиындықтар болып жатыр. Ол туралы толығырақ Павлодардағы әріптесім Өзгеріс Қуанар айтады.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Биыл Павлодар облысында астықтың 15 пайызы күйіп кеткен. Оның үстіне бидайдың түсімі өте нашар. Гектарынан 4,5 центнер ғана өнім беруде. Мамандар бұл жылдағы көрсеткіштен 2 есе төмен екенін айтады.

Қазір егіннің жартысы ғана жиналған. Бұған ауа райының қолайсыздығы әсер етуде. Мамандар, жауын шашын тоқтамайтын болса, күйіп кеткеннен қалған өнім шіріп кетуі мүмкін - деп отыр.

Есентай МҰРСӘЛІМОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Былтыр өнімнің шығымы гектарынан 9,5 центр болса, биыл 4,5 центнер. Бұл дегеніңіз 2 есеге аз. Құрғақшылықтан егіннің шығымына да әсер етті. Оның үстіне ауа райының қолайсыздығыннан бидайды өте дымқыл оны дер кезінде кептіріп алмаса, шіріп кетуі мүмін.

Биылғы қуаңшылықтан өңірде 160-тан астам шаруашылық зардап шеккен. Диқан Сейтенәлі Абзалов 8 мың гектар жерге егін салған. Алайда, оның басым көпшілігі күйіп кетті.

Сейтенәлі АБЗАЛОВ, ДИҚАН:

400 гектар жерге қарақұмық салғанмын, ол кеуіп қалғаннан кейін жыртып тастауға тура келді. Әкімшілік біледі бұны. Міне көріп отырсыздар. Арам шөп шығып қалды. 00:15

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Мамандар бидай тапшылығы ұнның бағасына да әсер етуі мүмкін деп болжайды. Әзірге диқандардың басты мәселесі- егінді жинап алу. Өңірде астық ору науқаны қазан айының ортасына қарай аяқталады деп жоспарланып отыр.