Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жұмыс орнында темекі шеккен шенеунік жазаланды

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2023
  • 953

Павлодар облысында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының тәртіптік ісін облыстық әдеп жөніндегі кеңес қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аудан әкімдігінің дәретханасында шылым шеккен шенеунікке 15 АЕК, яғни 51750 теңге айыппұл салынды. Бөлім басшысы ғимаратта темекі шешетін арнайы орын жоқ екенін айтты. Ал ауа райының қолайсыздығынан сыртта темекі шегу мүмкін болмады.

Өткен жылдың қазан айынан бастап аудан әкімдігінде жұмыс істейтін 35 жастағы бөлім басшысына сөгіс жарияланған.

 Бұған дейін жұмыс орнында темекі шеккені үшін сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаментінің басшысы Айбек Әлібаев та айыппұл төлеген.