Русский Сайттың толық нұсқасы

"28 жаста тұрмысқа шықтым": Тележүргізуші Дина Төлепберген "кәрі қыз" болғанын ашық айтты

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2023
  • 3602

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектерге ақылын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дина Төлепберген кеш тұрмысқа шығып, “кәрі қыз” атанғаны жайлы баяндады.

“28 жасымда тұрмысқа шықтым. Өзім шырайлы Шымқаладан болған соң туыстарымның мені кәрі қыз деп атай бастағаны жасырын емес. Әлгіндей пікірді қазір мен құлағымның ұшына да қыстырмас едім. Бірақ ол кезде жағдай басқаша болатын. "Қашан тұрмысқа шығасың? Неге жігітің жоқ? Осылай жүре берсең, сені кім алады?" деген сауалдар қойылып, тап осылай туыстарың сені тергеуге алғанда, өзіңді сол бір отбасына қажетсіз адамдай сезінесің”, – дейді тележүргізуші.

Ол тұрмысқа шықпаған қыздардың ата-аналарынан оны артық сұрақтармен мазаламауын сұрады.

"Қыздың бойында қорқыныш сезімін қалыптастыру, кінәлі сезімін ояту, өз-өзіне деген сенімді жоғалтуға бағытталған нағыз фашистік іс-әрекет дер едім. Сондықтан қымбатты ата-аналар, сіздерге айтар үлкен өтінішім бар. Егер қызыңызға риясыз бақыт тілесеңіз, "қашан?" деген сұрақтың қойылуына қатаң түрде тыйым салып тастаңыз. Әр қыздың өз шекарасы бар және мәреден асуға ешкімге рұқсат жоқ. Әр қыз өз орнын табады, кезі келеді”, – деді журналист.