Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында суға жүзуден Әділбек Мусин қола жүлде алды.
Қазақстандық спортшы 100 метрге butterfly әдісімен жүзуде 51.98 уақыт көрсеткішімен үшінші болып келді.
Биылғы Азия ойындары белгілі себепке байланысты бір жылға шегерілгені белгілі. Ендігі кезекте дүбірлі дода биыл 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.
Еліміздің атынан дүбірлі додада 30 спорт түрінен 524 қазақстандық (262 ер, 262 әйел) саңлақ бақ сынайды.