29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттері жұмыс істемейді.
"Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Бірақ қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады" делінген хабарламада.
Комитет тасымалдаушыларға және шекарадан өтуге ниет білдірушілерге осы өзгерістерді ескере отырып, жол бағдарын алдын-ала жоспарлау керегін ескертеді.