Елімізде соңғы бес жылда 75 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. 100 мыңға жуық адам зардап шекті. Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінің отырысында қайғылы оқиғаның алдын алу мәселесі талқыланды. Апаттардың төрттен бірі жылдамдық асырудың салдарынан орын алады екен. Жыл басынан бері 233 жол-көлік оқиғасы орын алған. 155 адам түрлі жарақат алса, 40 адам қайтыс болды.
Берік АСЫЛОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫ:
Ахуал жол инфрақұрылымының жеткіліксіздігімен, әсіресе қала маңындағы жолдардың, сапасыз және жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен күрделене түсуде. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет.