Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT» партиясының мүшелері тұрғын үй алабындағы проблемаларды назарға алды

"AMANAT» партиясының мүшелері Промышленный тұрғын үй алабындағы проблемаларды назарға алды. Сайлауалды бағдарламасына қосты. Бұл маңдағы жөндеу жұмыстары барысын жиі қадағалап, тұрақты түрде рейдтер өткізеді. Мұнда қазір жол, балалар алаңын жөндеу жұмыстары қарқын алған. Апатты үйлердегі тұрғындарды жаңа баспанаға көшіру мәселесі кезең-кезеңімен жүзеге асуда.

Сақтаған СӘДУАҚАСОВ, «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Біз сайлау алдында нақты бағдарлама жасадық. Соның ішінде қол жетімді баспана басты бағдарымыз болды. Апатты үй тұрғындарын жаңа пәтерлерге көшіру мәселесі назарымыздан тыс қалған емес. Сондықтан біз бұл бағытта үнемі тексеріс жұмыстарын жүргізіп, мониторинг жасап отырамыз.