Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысының тұрғыны ауылдасының қысқа деп жинаған мың бума жоңышқасын өртеп жіберді

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2023
  • 4662

Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөліміне Темірбек Жүргенов ауылының тұрғынынан арыз түсті. Онда мал қорада тұрған мың бума жоңышқа шөбін бейтаныс біреудің өртеп жібергені туралы айтылған, - деп хабарлайды polisia.kz.

Қыс мезгіліне алдын ала дайындалған ауыл тұрғынына келтірілген шығын көлемі шамамен – 1 миллион теңге. Аудандық тәртіп сақшылары мұны істеді деген күдікпен сол ауылдың 29 жастағы тұрғынын ұстады.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.