Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысында ішімдікке тойып алған әкесі өз қызын зорлаған

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2023
  • 1117

Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданында әкесі мас күйінде туған қызын зорлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайды полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов хабарлады.

"М. Жұмабаев ауданында бір дерек орын алды. Өзбекстан азаматы мас күйінде кәмелетке толмаған қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.
Облыста барлығы 43 педофил тіркелсе, оның 34-і түрмеде отыр. Қалғандары қатаң бақылауда. Олар бостандыққа шыққаннан кейін бірден бақылауға алынып, апта сайын мекенжайлары тексеріліп, жүріс-тұрысы, жұмысқа орналасуы қадағаланады", – деді Айдын Қабдулдинов.