Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада автокөлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті

Елордада тізгінге ие бола алмаған көлік жүргізушісі аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті. Полиция мәліметінше, жол апаты таңғы 8 жарым шамасында болған. "Mеrcedes-Benz" автокөлігі Ахмет Байтұрсынұлы көшесімен Темірбек Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан "Mazda" көлігіне кедергі келтірген. Салдарынан "Mazda" көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аялдамаға соғылған.

Елжан ЧУПЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Бейнебақылау камерасын қараудың алдын ала деректеріне сүйенсек, Mazda көлігі Mercedes микроавтобусымен соқтығыса жаздаған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше 7 адам зардап шеккен. Арасында 5 жасар қыз бала бар.

Айдос БЕРДІБЕКОВ, ТРАВМАТОЛОГ:

Екі науқастың жағдайы тұрақты. Давление, ем алу өз еркіндігімен. Бәрі жақсы. Бесеуі тұрақты, олар үйлеріне амбулаторна қайтарылды.