Бесінші қарашада елімізде 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері сайлауы өтеді. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға білек сыбана іске кірісті. «AMANAT» партиясы филиалдарының конференция өткізіп, кандидаттарды ұсынуда. Сайлауға түсушілер өңірлерінің өзекті мәселелерін талқылап, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.
Биыл Әулие ата өңірінен Жуалы мен Тұрар Рысқұлов аудандарының бірінші басшыларын халық сайламақ. Партияның Жуалы аудандық филиалының кезектен тыс конференциясында делегаттар әкім лауазымына ұсынылатын кандидаттарды бекітті. Алдағы күндері олар аумақтық сайлау комиссиясында тіркеуден өтеді.
Руслан САЙЛАУБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Аманат партиясы Жуалы аудандық филиалы партия атынан өзіміздің алдағы 5-ші қараша күні өтетін аудан әкімінің сайлауына өз кандидатурамызды ұсынып және оны бекітіп алдық. Енді сол сайлауда біздің бастауыш партия ұйымдары белсенді рөл атқаратын болады.
Биыл Ақтөбе өңіріндегі Ойыл, Ырғыз және Қобда аудандарының әкімдерін де жергілікті тұрғындар таңдайды. Олар халықтың әл-ауқатын көтеруге, ауданды дамытуға арналған жоспарларымен бөлісті. Бұған дейін Ырғыз және Ойыл аудандарында осындай шара өтіп, аудан әкіміне үміткерлер өз сайлауалды бағдарламасымен таныстырған болатын.
Әсел САРМАНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Аудан әкімдерінің сайлауы да тұнғыш рет елімізде болып жатырған жаңалық. Оған енді халық тікелей қатысатын болады. Сол себепті бұл сайлаудың жауапкершілігі де салмағы да өте зор болайын деп тұр.
Шығыс Қазақстан облысы да сайлауға білек сыбанып кірісуде. Өңір тұрғындары 2 ауданның әкімін сайлайтын болады. Кандидат ретінде 3 адам бекітілді. Барлығы сол өңірде туып-өскен азаматтар.
Мария ПЕКУР, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Президенттің жуырдағы жолдауында нақты міндеттер қойды. Ең бастысы, халықтың мәселен тыңдау керектігіне ерекше тоқталып жүр. Сондықтан аудан әкімдерін сайлау бастамасы көтерілді. Оны құптаймыз. Қолынан іс келетін азаматты таңдаған өзімізге де тиімді.
Аудан әкімдерін халық таңдайды. Жергілікті жердің мәселесіне қанық, іскер азаматтарға таңдау жасамақ.