Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада ТЖМ құтқарушыларына арналған фотокөрме өтті

Еліміз тәуелсіздік алғалы төтенше жағдай қызметкерлері 413 мың адамды құтқарды. 70 мың азаматқа медициналық көмек көрсеткен. От пен оқтың арасында жүріп, 1 миллион 600 мың оқиғада бастарын қатерге тікті. Осындай өзге адамның өмірін өзінен биік қоятын тұлғаларға арнап Астанада фотокөрме өтті. Бейбіт заманның батырларымен әріптесім тілдесті.

19 қазан - Құтқарушылар күні. Бұл фотокөрме сол атаулы дата қарсаңында «RIZAMYZ» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған. Көрмеге 112 маманның портреті қойылды. QR кодты сканерлеу арқылы олардың жасаған ерліктері жайлы мәліметпен танысуға болады.

Сырым ШӘРІПХАНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Біздің азаматтар, біздің қызметкерлер, біздің батырлар. Үлкен мәртебе осындай азаматтармен бірге қызмет ету деген. Мына бейнелерде біздің өртсөндірушілер, құтқарушылар, пилоттар, әскери азаматтар, медициналық-санитарлық қызметкерлер, әртүрлі бағытта істейтін азаматтар.

Әділ Мұхамединнің төтенше жағдай қызметінде жұмыс істегеніне 20 жыл болған. Отбасы мен жұмысты бір арнаға тоғыстырған азамат - 3 баланың әкесі.

Әділ МҰХАМЕДИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ №3 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Адамдарды құтқару. Ең маңызды мақсатымыз - адамдардың өмірі. Сол үшін таңдадық. Қарамағымда 48 адам бар. Одан басқа өртсөндіру бекеті бар. Онда - 13 адам. Барлығы 62 адам.

Әділдің отбасы отағасының суретін фотокөрмеден тамашалауға Көкшетаудан арнайы келген. Оның балалары әкесін мақтан тұтады. Өр тұлғаның жолын қууды армандайды.

Дильназ ГУМАРОВА, Ә. МҰХАМЕДИННІҢ ҚЫЗЫ:

Менің әкем көптеген адамдардың өмірін құтқарып жүреді. Мен онымен өте мақтанамын.

Ал, қызылордалық Бағдат Әлжанов сүңгуірлік құтқару бөлімінде істейді. Еңбек өтілі - жыл.

Бағдат ӘЛЖАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ СҮҢГУІРЛІК-ҚҰТҚАРУ БӨЛІМІНІҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

Қызылорда облысында Сырдария өзені бар. Сонда бір қыз судың ортасында ағып бара жатыр деген дабыл түсті. Сол дабыл бойынша бардық, қасымдағы қызметкер екеуіміз. Жүзу арқылы қызды жағаға аман-есен алып шықтық. Біз жағаға алып шығамын дегенше жедел-жәрдемде келіп үлгерді. Аман-есен, қазіргі таңда ол кісі рақметін айтып хабарласып тұрады.

Республикалық жедел-құтқару жасағы құрылған күнінен бастап 7239 жедел шақыру болған. 5765 адам құтқарылып, 1117 марқұмның денесі шығарылған. Шетелдік азаматтарды іздеу бойынша бірнеше рет құтқару іс-шарасы жүргізі