Терезесі жоқ, есігі аңғал-саңғал жедел жәрдем көлігінің видеосы әлеуметтік желіні шулатып жатыр. Бұл бейнекөрініс Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентінде түсірілгені белгілі болды. Автор шакыртуларға жамылғы оранып баруға мәжбүр екенін айтады.
Арал аудандық ауруханасының бас дәрігері мұны растады. Ол кенттегі жедел жәрдем көліктерінің бұзылып қалғанын, сондықтан ескісін пайдалануға мәжбүр болғандарын айтады. Ал биыл Сексеуіл кентіне жаңа көлік беріледі деді.
Бауыржан ҚУАНЫШБАЕВ, АРАЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Қазіргі таңда вирустық аурулардың көбейіп шақырулардың жиілеуіне байланысты осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Ал жөндеуге қажетті қосалқы автобөлшектерді алу мемлекеттік сатып алу порталы арқылы белгілі бір уақытты қажет ететіні белгілі. Қазіргі таңда автокөліктердің барлығы жөндеуден өтіп, өз жұмыстарына қосылды.