Русский Сайттың толық нұсқасы

Каталондық "Барселона" футболдан шеттетілуі мүмкін

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қоржынымызға тағы бір күміс пен қола қосылды. Семсерусіден ерлер құрамасы екінші тұғырдан көрінсе, триатлоннан Аян Бейсенбаев үздік үштікке кірді. Ал аты әлемге мәшһүр испаниялық "Барселона" клубының басы дауға қалды. Толығырақ спорт топтамасында.

Семсерлесуден ерлер құрамасы - азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.

Сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сартай, Вадим Шарлаимов бар. Ал Аян Бейсенбаев триатлоннан қоржынды қола медалмен толықтырды. Ол 1сағат 52 минуттың ішінде 1500 метрді жүзіп өтіп, велоэтаппен 40 шақырым жүріп, жүгіруден 10 километрді бағындырды. Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азиада «алтынына» таласады. Құрамында Эльмира Әлімжанова, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай бар спортшыларымыз жартылай финалда Гонконг командасынан 45:30 есебімен басым түсті. Ал, былғары қолғап шебері Сағындық Тоғамбай жартылай финалға шықты. Отандасымыз 92 келіге дейінгі салмақта ирандық Туфан Шарифимен жұдырықтасты. Сағындық қарсыласын бірінші раундта-ақ ұрып құлатты. Ол қазіргі сәттегі нәтижесімен кем дегенде қола медаль алады.

Атынан ат үркитін Каталондық "Барселона" футболдан шеттетілуі мүмкін. Клуб басшылығы футбол федерациясының техникалық төрешілер комитетінің бұрынғы вице-президенті Хосе Негрейраға 7 жарым миллион еуро көлемінде пара берді деген айып тағылды. Егер қылмыс дәлелденсе, үш жылдан алты жылға бас бостандығынан айырылады. Ал клуб Еурокубоктан шеттетілуі мүмкін. Тіпті, Сегунда лигасына түсіп қалуы ықтимал. Бұл Барселонаның банкротқа ұшырауына алып келеді дейді футбол сарапшылары.

Бразилиялық UFC файтері Чарльз Оливейра отандасымыз Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасуға қарсы емес. Бұл туралы ол Джеймс Лунчқа берген сұқбатында айтты. Ол үшін файтер жеңіл салмақтан жартылай орта салмаққа ауысуы тиіс. Оливейра 21 қазан күні UFC чемпионы Ислам Махачевпен жұдырық түйістіреді. Айтуынша, барлығы осы кездесуден кейін мәлім болады.

Чарльз ОЛИВЕЙРА, UFC ФАЙТЕРІ:

Шынымды айтсам, менің болашағым жағдайдың қалай болатынына байланысты. Егер олар маған жақсы қомақты ақша ұсынса, жартылай орта салмаққа өтуге қолайлы жағдай болса, мен оны 100% орындаймын. Бірақ бұл үшін дұрыс жағдайлар мен тиімді шарттар қажет. Егер кездесу орын алса менің жеңіске жетерім сөзсіз.