Русский Сайттың толық нұсқасы

Боксшы Сағындық Тоғамбай – Азия ойындарының қола жүлдегері

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2023
  • 832

Қытайда өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарында ел қоржынына 22-ші қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметін есүйенсек, бокстан 1/2 финалда жерлесіміз Сағындық Тоғамбай алаң қожайыны Хан Сюэчжэньмен өткен айқаста жеңіліп, «қолаға» қанағат тұтті.

Бүгін сондай-ақ Наталья Богданова 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Моңғолия өкілі Цэцэгдари Мягмарсурэнмен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол құрлық біріншілігінің жартылай финалына шығып, өзін кемінде қола жүлдемен қамтамасыз етті.