Русский Сайттың толық нұсқасы

Тойдан кейін туысын пышақтаған Қостанай тұрғынына қылмыстық іс қозғалды

Қостанайда жайдарлы кеш соңы жанжалға ұласып, тойға келген мейманның бірі туысына пышақ сермеді. Ауыр жарақат алған 27 жастағы жігіт ауруханаға түсті. Жағдайы қалыпты. Ал бауырын пышақтаған елу алтыдағы қала тұрғыны екі бап бойынша жауапқа тартылады. Екі жақынның не үшін ерегіскенін полиция анықтап жатыр. Той шырқын бұзған туыстар бұрын істі болмаған көрінеді.

Нұрлан АРЫСТАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

ҚР 106 бабына сәйкес, қасақана адамға ауыр дене жарақатын келтіру және бұзақылық бабы бойныша іс қозғалды.Қазіргі уақытта істің мән -жайы анықталуда.Тергеу барысы полиция департаменті басшысының бақылауында.