Русский Сайттың толық нұсқасы

Тағы үш қазақстандық спортшы олимпиада жүлделерінен айырылды

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2016
  • 2527

Қазақстандық үш спортшы Пекин олимпиадасында иемденген медальдарынан айырылды. Бұл туралы еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Халықаралық олимпиада комитеті жолдаған ресми хабарламада ауыр атлетикадан 63 келі салмақ дәрежесіндегі күміс жүлдегер Ирина Некрасова, 75 келіден жоғары қола медаль иегері - Мария Грабовецкая мен грек-рим күресінен 96 келі салмақ дәрежесінде қола иемденген Әсет Мәмбетовтың жүлделері кері қайтарылатыны жазылған. Өйткені спортшылар тапсырған А және В сынамалары оң нәтиже көрсеткен.

Сонымен қатар, 2008 жылы Олимпиадада өнер көрсеткен Владимир Седов, Майя Манезамен қатар, 2012 жылы Лондонда ел намысын қорғаған Алмас Өтешовтың сынамалары расталды. Олар жарыстарға қатысудан шеттетілді. Оның мерзімін Халықаралық федерация шешетін болады.