Елімізде Қаратау арқарларының саны 15 пайызға өсті

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2023
  • 710
Елімізде Қаратау арқарларының саны 15 пайызға өсті

Арқарлардың ерте күйлеуіне байланысты биыл бұл тұяқтылардың санағы қыркүйек айының 25-29 аралығында жүргізілді, деп хабарлайды Астана телеарнасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Оған «Охотзоопром», сондай-ақ Қаратау қорығының қызметкерлері қатысты.

2023 жылғы күзгі санақ нәтижесі бойынша қорық эндемигінің саны 1309 бас болды.

Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15%-ға көп.

Естеріңізге сала кетейік, Қаратау арқары еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.