Русский Сайттың толық нұсқасы

"Екі-үш тойға қатарынан кіріп шығамыз": Дана Кентай гонорарының көлемін айтты

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2023
  • 708

Әнші Дана Кентай той арасында екі ән айту үшін 200 мың теңгеден жоғары гонорар сұрайтынын айтты. "Қызықты weekend" бағдарламасында өнер иесі қыз ұзату үшін қанша ақы талап ететінін де баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің жұмыс күндерім жұма, сенбі, жексенбі күні болады. Ал дүйсенбі, сейсенбі күндері демаламын. Жұмысым түстен кейінгі уақытта басталады. Екі-үш тойға қатарынан кіріп шығамыз. Көбіне ұзату тойында "Қыз ұзату", "Бақытты жар" әнін сұрайды. Көбіне билейтін әндерін сұрайды. Ұзатуды халықтың сұранысы бойынша қатты қымбат қылмадық. Басында бүкіл тойды атқару үшін 1 млн теңге қылып бастадық. Қазір тек алыс жерлер болса ғана 1 млн теңге және одан жоғары болады. Себебі, менің көмекшім бар. Оның ұшағы, жататын жері бар. Ал қаланың ішінде ұзату керек болса, ән айту керек болса - 500 мың теңге. Ал тойдың арасында екі ән айту керек болса, 200 мыңнан жоғары кете береді", - деді Дана Кентай.