Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қоғамдық бақылау арқылы ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік туады", - депутат

50 мыңнан аса дауыс жинаған петиция Үкімет деңгейінде қаралады. Мемлекет басшысы «Қоғамдық бақылау туралы» және онлайн петициялар институтын заңмен бекітті. Құжат негізінде кез-келген азамат қоғамдық бақылау ұйымын құрып, нысандарға тексеру жұмыстарын жүргізе алады. Бұл ретте қос тараптың да құқықтары мен міндеттері заңда нақты жазылған. Ал петицияны арнайы интернет портал арқылы бере алады.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жергілікті жерде азаматтар өздері ұйымдасып, сол жерде обектілерді тексеру құқығына ие болатын болады. Сондықтан бұл заң бүгінгі таңда қоғамдық қатынастарды дамытуға және ең негізгісі халықтың мемлекеттің істеріне тікелей араласуына болатын болады.

Заңда ел арасында резонанс тудырған мәселелерге де қоғамдық бақылау жасалады. Яғни, ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Балалары әскери қызметін өтеп жатқан, әскери борышын өтеп жатқан ата-аналар және сол әскери борышын өтеп жатқан курсанттар мен азаматтарымыздың жақын туысқандары сол бөлімшелердегі тамақ және сол бөлімшелердегі білім беру бағдарламалары, сол бөлімшедегі әскери жаттығу секілді бағдарламаларға қоғамдық бақылау енгізе алады.