Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда ұстаздар форумы өтті

Павлодарда ұстаздар форумы өтті. Шараға өңірдегі жыл бойы үздік деп танылған мұғалімдер қатысты. Оған «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мұрындық болған. Форум аясында ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, саладағы қордалаған мәселелердің шешу жолдарын қарастырды. Қазіргі таңда ауылдарда арнайы пән мұғалімдері жетіспейді. Білікті мамандарды тарту үшін оларды баспанамен қамту керек. Оларды шешудің оңтайлы тетіктері талқыға салынды. Жиын соңында ұстаздар күніне орай педагогтерге алғыс хаттар мен дипломдар табыс етілді.

Айгүл МӘЛІКОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Ең бастысы мына ауылдық жерлерде мамандарды тарту. Ол үшін ең бастысы үй мәселесін шешу ең бірінші болып тұр. Өйткені, ауылдарда математика, физика, орыс тілі тағыс басқа мұғалімдер жетіспеушілігі көрініп тұр. Ең бастысы қала мен ауыл мектептерінің білім сапасын теңестіру.

Анар ЖЕТІБАЕВА, МАЛАЙСАРЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бізде кадр тапшылығы жоқ. Бізде бар мамандық бар. Жас мамандар да келіп жатыр. Мектепте 21 мұғалім оның ішінде 3 жас ұстаз еңбек етуде. Жас мамандар бізде үймен қамтылған. Барлық жағдай жасалынған. Ешқандай ондай мәселелер қиындық жоқ деп ойлаймын.