Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында 40 жастағы ер адам кішкентай қызды зорлады деп күдіктелуде

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2023
  • 765

Алматы облысында 40 жастағы ер адам кішкентай қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, 3 қазан күні Балқаш ауданының тұрғыны хабарласып, ауылдасының кішкентай қызына зорлық көрсеткенін айтып шағымданған.

"Облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен дереу арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды. Жедел қызметкерлер қылмыс жасады деген күдікпен 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Кәмелетке толмаған адамды зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Алматы облыстық ПД басшысы Бауыржан Әленов.

Істің тергеу барысы Алматы облыстық ІІД бастығының ерекше бақылауына алынды.

Артынша БАҚ-та ер адамың бір емес, екі қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады.

Тұрғындардың бірінің айтуынша, Балқаш ауданында өгей әкелері екі кәмелетке толмаған қызды ұзақ уақыттан бері зорлап келген.

"Қазір балаларға ота жасалып, ауруханада жатыр", - деді жергілікті тұрғын.

Оның айтуынша, операцияны Алматы облыстық балалар ауруханасы дәрігерлері жасаған.

Біздің дереккөздің айтуынша, "зорлаушының үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр".

Ол күдікті ер адамның ұсталғанын, ол жергілікті тұрғын екенін және мас күйінде қылмыс жасағанын айтты.