Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жаңа келінге": Гүлзира Айдарбекова келін алуға қызу дайындық бастап кеткенін айтты

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2023
  • 789

Гүлзира Айдарбекова жақында кіші ұлы Заңғардың "тәтті шайын" өткізген болатын. Болашақ құдаларымен танысқан продюсер келін түсіруге дайындық бастап кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жаңа келінге барлығын жаңадан алдық. Дайындалып жатырмыз. Қара қазан алдым. Жалпы үйдегі қазанды біреуге беруге, тастап кетуге болмайды. Жіңішке ғана келінге орташа оқтау алдық. Тойдың болатынынан боладысы қызық. Дайындық басталды", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар көпшілікке жаңа сүйіктісін таныстырған болатын.

Ал осыдан кейін продюсердің күйеуі Нұртас Айдарбеков ұлының "тәтті шайы" өткенін және болашақ құдаларының оңтүстіктен екенін айтқан болатын.