Русский Сайттың толық нұсқасы

"Күйеуі жоқ": Жұлдызай Дүйсенбиева ел арасында тараған қауесетке нүкте қойды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2023
  • 1201

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева көпшілікке күйеуін көрсетті. Өнер иесі Instagram парақшасында көпшілік арасында тараған қауесетке жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Махаббатта еркіндік те болуы керек. Ғашық болу сезімі - ешкімнен қысылмай, еркелеп жүру. Шүкір, жүрегім махаббатқа толы. Бір-ақ жанға ғашықпын. Ол сезім күннен-күнге күшейіп барады. "Жұлдызайдың күйеуі жоқ", "Жасы үлкен біреуге тұрмысқа шыққан. Сосын көрсетуге ұялады" деп сыртымнан өсек айтатындар үшін", - деген актриса желіге күйеуінің суретін жүктеді.