Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда қаскөй бөтелкелесін өлтіріп, мәйітін көміп кеткен

Павлодарлық тұрғын бөтелкелесін өлтіріп, мәйітін көміп кеткен. Ер адам танысымен кешкісін ішімдік ішкен. Артынша дауласып қалып, бірі екіншісінің қолына пышақ жарақат салған. Алайда, медициналық көмекке жүгінген олар ішуді одан әрі жалғастырған. Біраз уақыттан соң, жарақат алған жігіт ұйықтап қалыпты. Осы сәтте бөтекелесінен өш алмақ ниетпен оған пышақ салған. Бірақ, ол қашып құтылмақ болады. Алайда, жаралы адамды ұстап алып, тұншықтырып өлтірген. Қылмысын жасыру үшін оны үйдің ауласына көміп тастаған. Істі қараған сот бөтелкелесін өлтірген тұрғынға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Агидель ЫБЫРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Алқабилердің кесімімен Б қылмыстық кодекстің 99- бабының 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.