Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда қызылшаның өршуіне байланысты бір мектептің оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды

Алматыда қызылша өршіп тұр. Осыған байланысты қала мектептерінің бірінде бастауыш сыныптың оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды. Қызылша нөмірі 172-ші мектеп-гимназиясының білім алушылары арасында анықталған. Медеу ауданының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары комиссия өткізді. Мектеп әкімшілігіне қызылшаға қарсы вакцина алмаған бастауыш сынып оқушыларын 16 қазанға дейін қашықтан оқыту режиміне көшіру ұсынылды. “Алғаш ауырып бастағандар да осы екпе алмаған балалар”,- дейді мектеп директоры. Сөзінше, қазір білім ордасында тиісті санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлия ЧОРМАНОВА, №172 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Екінші қазаннан бастап он алтыншы қазанға дейін екі аптаға оқшаулау мерзіміне жібердік. Қазіргі таңда балалар үйден оқып жатыр онлайн режимде. Сұраған ата - аналарға компьютерлік құрал жабдықтармен қамтамасыз еттік. Мұғалімдер әр түрлі платформалар пайдаланып, сабақтарын беріп жатыр.