Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде қызылша дерті өршігендіктен ауруханада қосымша орындар дайындалды

Ал Ақтөбеде қызылша дерті өршігендіктен ауруханада қосымша орындар қарастырылып жатыр. Өңірде ауру жұқтырғандар саны 400-ден асты. Оның басым бөлігі-облыс орталығының тұрғындары.

Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қызылшаға арнайы елу керует бөлінді. Аудан орталықтарында да қосымша орындар дайындалған. Қазір ауруханада 43 адам қ ем алып жатыр. Оның -35 бала, қалғаны- ересектер. Үш науқас жансақтау бөлімінде, жағдайы- ауыр.

Әлия НУРТДИНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаңсақтау бөлімінде үш бала жатыр. Бір бала алты жаста қосымша диагонозы бар. Дцп, тетрапорез асқынуы бар. Пневмония өте ауыр жағдайды жатыр. Екі бала бір жасқа дейін жатыр. Осы ауыр науқастарды консилиум жасап кафедра бізде бар ересек және балалар инфекциялық кафедрасымен бірігіп қараймыз.

Ауруға шалдыққандардың сексен бес пайызы он төрт жасқа толмаған балалар. Дәрігерлердің айтуынша, дерт әсіресе қызылшаға қарсы екпе алмағандар арасында көп таралуда.

Нұргүл БИСЕНҒАЛИЕВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ИММУНОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Көбіне бас тартатыны қорқады. Вакцинаға сенбейді. Сосын дін саласында жүрген адамдар бас артып алғысы келмейді. Көбісі солай.

Өңірде қызылшаға шалдыққандар алғаш рет биыл ақпан айында анықталды. Кейін жаз мезгілінде Түркия мен Египетке демалып келгендер арасында қызылшамен ауырғандар көбейген.

СӘдина СҮЙІН, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Бастапқы кезеңде катаральный кезең болады. Бұл жерде температура өте жоғары көтеріледі. Және коньюктивит көздің қабынуы. Сол катаральный кезеңнен кейін бөртпелер пайда болады. Ол басынан басталды. Басында бетінде құлақ арты, мойнында пайда болады.

Дәрігерлер қызылшаға қарсы екпе алғандардың көп ауырмайтынын және ауырған жағдайда жеңіл өтетінін айтады. Айта кетейік, Ақтөбеде қызылшаға қатысты тап осындай тұрақсыз жағдай соңғы рет 2019 жылы болған.