Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлытау облысының мектептері цифрлық қондырғылармен жабдықталып жатыр

Ұлытау облысының мектептерінде білім бері жүйесін жаппай цифрландыру жүріп жатыр. Білім мекемелері сапалы интернетке қосылып, заманауи интерактивті тақталармен, ІТ қондырғылармен жабдықталуда. Нәтижесінде оқушылар ғылыми байқаулардан жүлделі орын алып, түрлі жобаларын ұсынып жатыр.

Бұл – Мирас Хамидолла. Жезқазған қаласындағы 1-інші мектептің 4- сыныбында оқитын зерек бала өзін болашақ ІТ маманы санайды. Түрлі байқаулардың жеңімпазы. Бағдарламалар жасап, роботтар құрастырады.Оның ең сүйіктісі- мына әткеншек.

Мирас ХАМИДОЛЛА, №1 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:

«Бұл карусель ИВ 3 модульмен және легоконстурктормен жасалған. Бұл карусельді қосу үшін мына кнопканы басу керек. Бұл карусельде достармен келіп катенуге болады. Біздің Жезқазғанда карусель болмаған соң осы карусельді істедім».

Информатика кабинеті толықтай жаңартылып, робототехника, лазерлік қондырғы, 3 Д принтермен жабдықталғалы оқушылар жаңа технологияларды терең меңгеруге мүмкіндік алған. Мектепте бастауыш сыныптар мен биология кабинеті де жаңа құрылғылармен жабдықталған. Мұғалімдер онлайн кітапханада бір- бірінің жобаларымен бөлісіп, тәжірибе алмасады.

Асан ЖАНҰЛ, №1 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

«Оның барлығы оқушылардың сол тақырыппен жұмыс жасауға мүмкіншіліктері, екіншіден сол тақырыппен айналысқаннан кейін олардың осы бағытта қызығушылығы пайда болады және болашақ мамандығына да әсер етеді»

Өңірдегі 87 мектептің 20- сында интернет нашар. Сондықтан білім басқармасы ең алдымен осы мәселені шешуге тырысуда. Биыл 7 мекеменің материалдық техникалық базасы жаңартылмақ.

Маратбек ТӨРЕБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Президентіміздің тапсырмасы бойынша жаңа модификацияда пәндік кабинеттер сатып алу жосапарлануда. Жоспар 14 кабинет болатын 12 мектепте. Оның бәрі сатып алынды. Оның сыртында үнемделген қаржыдан 23 мектепке 302 млн-ға тағы 32 кабинет сатылып алынып жатыр.Оның ішінде робототехника STEM- кабинеттер бар».