Русский Сайттың толық нұсқасы

"Нағыз келінше ұстаймын": Гүлзира Айдарбекова болашақ келіні туралы айтты

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2023
  • 1111

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова үшінші келінін түсіруге әзірленіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Продюсер үшінші ұлы Заңғардың тойына дайындықты бастап кетті. Гүлзира Айдарбекова бұл жолы келінмен қарым-қатынаста ешқандай қателік жібермеуге бекініп отыр.

“Заңғар балаңыз Шымның қызын алып келсе қамыр жайғызып, ақылыңызды айтып отыруға не жетсін”, деп жазған оқырманына продюсер: “Иә, осы келінді нағыз келінше ұстаймын деп қоямын, жүрегім шыдаса. Ең бастысы адал, менің бүкіл шаруамды атқарып, жұмысымды сеніп тапсыра алатын, дандайсып кетпейтін келін келсін”, – деп жауап берді.