Русский Сайттың толық нұсқасы

50-ден асқанда АҚШ-қа көшкен қазақстандық такси болып, екі айда көлік алған

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2023
  • 719

50-ден асқан шағында Америкаға көшкен Алматы облысының тұрғыны курьер болып жұмыс істеп, бар жоғы екі ай ішінде көлік сатып алған, деп хабарлайды Астана телеарнасы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Бұл туралы оның келіні Гүлжанар әлеуметтік желіде влог түсірген.

Оның сөзінше, атасы жасына қарамастан, ағылшын тіліндегі өзіне қажет сөздерді үйренумен қатар, iPhone-ның да қыр-сырын әбден үйреніп, жұмыстың ебін тапқан.

«50-ден асқан атам Нью-Йоркте жұмыс істейді. Атама Ubereats ұнап тұр. Таңертен термосына маманың бал шайын құйып алып, көлігімен жұмысқа кетеді. Жақында алған Kia-сы да үйлесе қалды. Басында тілден қиналса, қазір біраз сөйлемді біліп алған. Аударылмаған сөйлемін скриндап ап, скриндағы сөзді бірден аударып беретін iPhone-ның қасиетін де үйренген. Өз табысына өзі риза. Күніне $150-200 тауып, қуанып келеді, кешкісін әңгімесін тыңдап арқа-жарқа боп шәй ішеміз. Бір ебін тапқан жұмыс өзі үшін. Қайраты мен "істеймін" деген қажыры бізге үлгі. Жігітімнің сол қасиеті әкесінен дарыған. Шүкір! Алып мемлекеттің мүмкіндігін қолынан келгенше пайдаланғысы келген атамның бұл әрекеті - таза еңбек», - деп жазған келіні Гүлжанар.

Оның ұлы Ербол Молдажанов ағылшынша білмейтін ауыл қазағы Америкада не істей алатыны жайлы бөліскен.

«3 ай бұрын мұхит асқан әкемнің бір күндік жұмысын көрсеткіміз келді. Соңына дейін қарасаңыз, Нью-Йоркта тамақ жеткізу арқылы күніне қанша табуға болатынын байқайсыз.Тіл білуден де маңызды нәрсе ол - заңды статус. Жұмысқа рұқсат қағазың мен ssn (біздегі ЖСН) болса, тасың өрге домалады деген сөз. Оны алудың бірнеше жолы бар. Ал ең абзалы - Грин карта. Жасыл карта лотереясына жылына тек бір рет тапсыра аласыз. Өтініш қабылдауға бір-ақ апта қалды. Америкада бірнеше жыл өмір сүріп, білім, тәжірибе, қаражат жинағысы келіп жүрген жандар қапы қалмаңыздар. Бақты бір сынап көрер сәт деп білемін»,- деп жазды ол.